Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мәуліт мерекесі аталып өтілді

Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 15.09.2025 1390 0 пікір
Маңғыстау: Мәуліт мерекесі аталып өтілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қасиетті жұма күні Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі мен өмірінен өнегелі деректер баяндалды.

Жиналған жамағатқа мешіт имамдары Мәуліттің мәні мен маңызы жайлы насихат айтып, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл жолын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салиқалы ғұмырына қатысты хадистер оқылып, салауаттар айтылды.

Жиын соңында жамағатпен бірге елдің амандығы мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.

Мәуліт айы барша мұсылманға мейірім мен сауапқа толы ай болғай!
      

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру