Бүгін Астанадағы Президент орталығы ғимаратында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нашақорлықпен күрес, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еріктілер қозғалысын дамыту сынды өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекеттік кеңесші жастар ұйымдарының осы бағыттарда белсенділік танытуы маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз баяндамасында жастар тәрбиесі мәселесіне айрықша назар аударып, «Жастардың әдебі мен мәдениеті» құжатын қабылдаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Аталған құжат жастарды жат қылықтар мен бейәдеп әрекеттерден сақтандыратын, рухани бағдар болуға бағытталған маңызды құжат ретінде ұсынылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.09.2025
3924
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру