Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бекет ата»мешітінде ҚМДБ құжаттарын насихаттау жиыны өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 02.09.2025 3466 0 пікір
«Бекет ата»мешітінде  ҚМДБ құжаттарын насихаттау жиыны өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде ҚМДБ қабылдаған «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы тұғырнамасы» және «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» (тәртібі мен мәзірі) құжаттарын насихаттау жиыны өтті.

Жиында  Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы,мешіт ақсақалы Қуанышбек қажы Спанұлы қазақы дәстүр мен дін аясындағы отбасы құндылықтары жайлы ой өрбітсе, өңірге белгілі имам Юнус Қадірқұлұлы дініміздегі отбасы жауапкершілігінің мән-маңызына тоқталды.

Ал,ас беру мәдениеті мен ысыраптың алдын алу мәселесі бойынша ардагер имамдар Айғабыл Шәденов пен Қайрат Қошкелдіұлы тәжірибелерімен бөлісіп, құжаттағы негізгі талаптар мен тәртіптерді жамағатқа түсіндірді.

Жиын барысында  облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  аталған  екі құжаттың қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, бірлікті нығайту және ас беру мәдениетінде ысыраптың алдын алу ісіндегі маңыздылығына тоқталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру