Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр дайындау бөлімінің тапсырмасымен Алматы қаласы бойынша «С» санаты бойынша діни қызметкерлер емтихан тапсырды.
Мүфтият бастамасымен қолға алынған білім жетілдіру іс-шарасында республика бойынша А,В,С санаты бойынша имамдар емтихан тапсыруда. Бұдан алдын имамдардың діни білімін арттыру, құран ілімі, фиқһ негіздерін меңгеру және шариғат ілімдерін терең түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсы өткізілген болатын. Курс негізінде бүгін бірқатар имамдар мен дін қызметкерлері алған білімдерін ортаға салып, емтихан тапсырды.
Комиссия мүшелері Омар ибн әл-Хаттаб мешітінің бас имамы, қари Данияр Жұмабаев, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Қуаныш Әбішев, Шариғат және пәтуа бойынша жауапты маман Тимур Алиев және Орталық мешіттің наиб имамы Руслан Қайыргелді «С» санаты бойынша емтихан тапсырушыларға сұрақтар қойып, алған білімдерін тексерді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігі
https://azan.kz/kz
28.08.2025
1167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру