Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай сайыс өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.08.2025 1175 0 пікір
Қарағандыда Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай сайыс өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай өлеңдерін жатқа оқу» сайысы өтті.

Байқауға қала көлемінен 16 қатысушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың орындау шеберлігі мен дайындығы әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.

Әділқазылар алқасының құрамында «Мирас» балалар өнер мектебінің оқытушысы Сұлтан Дәулетханұлы мен ақын Дидар Жанатұлы болды.

Сайыс нәтижесінде І орынға Тілеуқабыл Камил (100 000 теңге), ІІ орынға Шыныбай Ақжан (70 000 теңге), ІІІ орынға Фатих Сұлтан (50 000 теңге) ие болды. Сонымен қатар өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Жиын соңында «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы барлық қатысушыларға, жүлдегерлерге және әділқазыларға алғысын білдіріп, Абай мұрасын насихаттаудың қоғам үшін аса қажетті екенін атап өтіп, сайыс нәтижесімен де тоқталды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру