Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысында қари ұстаздар мен азаншылар біліктілік курсынан өтті

Жамбыл облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі asyldin.kz 21.08.2025 952 0 пікір
Жамбыл облысында қари ұстаздар мен азаншылар біліктілік курсынан өтті

Жамбыл облысында қари ұстаздар мен азаншылар біліктілікті арттыруға бағытталған арнайы курстан өтті.

Арнайы семинарға Қордай ауданынан келген қари ұстаздар, сондай-ақ Жаңатас пен Тараз қаласынан қатысқан азаншылар қатысты. Бір аптаға созылған курс барысында 8 маман Құран ілімінен тереңдетілген тәжуид сабақтарын өтіп, «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, фиқһ іліміндегі «Намаз бабына» қатысты мәселелерді талқылап, азанның сүннеттері мен парыздары жөнінде білім алды.

Қорытынды жиында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен Құран секторының өңірлік жетекшісі Бірлік Амангелді курсты табысты аяқтаған 2 азаншы мен 6 қариге сертификат табыстады.

Бұл бастама діни мамандардың біліктілігін арттырып, жамағатқа сапалы қызмет етуге ықпал етпек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру