Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысында Республикалық құран байқауының іріктеу сайысы өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 21.08.2025 993 0 пікір
Қарағанды облысында Республикалық құран байқауының іріктеу сайысы өтті

ҚМДБ-ның бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Осакаровка аудандық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Жарыстың шымылдығын облыстың Бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен байқаудың маңызына тоқталды.

Іріктеу сайысына 75 қатысушы төрт номинация бойынша (30 пара, 20 пара, 10 пара жатқа оқу және мәнерлеп оқу) бақ сынады. Үміткерлердің өнерін Республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, ҚМДБ «Құран секторының меңгерушісі» Ахмет Серік Полатханұлы және «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейімбекұлы бағалады.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.
30 пара жатқа оқу бойынша І орынға Абдулазиз Абдулбақи Савронбекұлы ие болып, Ұмра қажылығына жолдама алды. ІІ орын Абдикадиров Гиесжан Неьматжановичке бұйырып, 300 000 теңге табысталды. Ал ІІІ орын Айтмахан Диас Сұлтанханұлына беріліп, ол 200 000 теңгемен марапатталды.

20 пара жатқа оқу бойынша І орынға Әбішев Дінмұхаммед Жанатұлы лайық деп танылып, Ұмра қажылығына жолдама алды. ІІ орын Алғабас Ернар Нұркенұлына беріліп, 300 000 теңге табысталды. ІІІ орын Жангазиев Заманбек Бейсенбайұлына бұйырып, ол 200 000 теңгемен марапатталды.

10 пара жатқа оқу бойынша І орын Бахыт Қасым Бекзатұлына тиесілі болып, ол Ұмра қажылығына жолдама алды. ІІ орын Жуманазаров Жәнібек Жұмағазыұлына беріліп, 300 000 теңгемен марапатталды. ІІІ орынға Қошмен Айдын Талғатұлы ие болып, 200 000 теңге табысталды.

Мәнерлеп оқу бойынша І орын Байтүгел Айсұлтан Нұржанұлына бұйырып, ол Ұмра қажылығына жолдама алды. ІІ орын Аюбай Нұрмұхаммед Көптілеуұлына беріліп, 300 000 теңге табысталды. Ал ІІІ орын Бегімов Сұлтан Ширалиұлына беріліп, ол 200 000 теңгемен марапатталды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру