Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Қыздар арасында құран жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 21.08.2025 1574 0 пікір
Түркістан: Қыздар арасында құран жарысы өтті

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігіне қарасты Сауран ауданы, Жүйнек ауылындағы «Ахли Ислам» мешітінде облыстық деңгейде қыздар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа облыс бойынша 76 үміткер қатысып, қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өз білімдерін сынады. Байқау төрт номинацияда өтті.

Шараға Түркістан облысының Бас имамы Ержан Төлепов арнайы қатысып, Құранның мәні мен маңызына тоқталып, қатысушыларға батасын берді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ бас жүлде ретінде Ұмра қажылығының сертификаты табысталды.

Нәтижесінде, 10 пара бойынша бас жүлде – Махмуджанова Зарина (Сауран ауданы) еншілесе, басқа орындарды Қажыбай Амина (Төлеби ауданы), Қаңлыбай Балым (Арыс қаласы), Абдурахматова Салимахан (Сайрам ауданы) иеленді.

5 пара бойынша үздіктер қатарынан Шакирова Зайнаб (Кентау қаласы), Дилшодқызы Дилноза (Түркістан қаласы), Қадіркүл Афифа (Арыс ауданы), Абдукаххарова Муслима (Сауран ауданы) көрінді.

3 пара бойынша Құлмаханбет Фатима (Арыс қаласы), Ғаділбек Аида (Кентау қаласы), Рахымжанова Насибали (Түркістан қаласы), Абдукаххар Мадина (Сауран ауданы) жүлдегер атанды.

Ал 1 пара бойынша жеңіс тұғырынан Абдуқаюмова Сарвиноз (Сауран ауданы), Мирзаханова Зайнаб (Сауран ауданы), Биболат Халима (Түркістан қаласы), Шакирова Алия (Кентау қаласы) көрінді.

Сондай-ақ жарысты ұйымдастыруға атсалысқан тұрғындар мен демеушілерге облыстың бас имамы арнайы алғыс хаттар табыстады.

Бұл игі шара — Құранның мәңгілік мұра екенін ұрпаққа ұғындырудың, сондай-ақ жастарға рухани тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру