Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Мектепке жол» акциясы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.08.2025 1622 0 пікір
Түркістан: «Мектепке жол» акциясы өтті

ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

Шараға облыстық бас имам Ержан қажы Сматұлы және қор бөлімінің жетекшісі Сейдулла Амет қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Қайырымдылық аясында өңір бойынша 4000-ға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы, сөмке және оқу құралдары табысталды. Ал Түркістандағы «Ахмет Яссауи» орталық мешітінде 500 балаға мектепке қажетті жабдықтар үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру