ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық Құран жарысына облыстық іріктеу өтті. Додаға 20-дан аса үміткер қатысып, қарилар төрт аталым бойынша бақ сынады.
Шарада Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Құран оқудың сауапты амал екенін айтып, жарыстың маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар демеушілік танытқан жомарт жандарға алғыс білдірді.
Жарыс жеңімпаздары төмендегідей анықталды: мәнерлеп оқудан – Дәуренбекұлы Бекжан (1 орын, 70 000 тг), Үмбетов Қадыр (2 орын, 50 000 тг), Нурымбетов Сүлейман (3 орын, 30 000 тг). 10 пара бойынша – Қуандық Нұрасыл (1 орын, 100 000 тг), Шаяхметов Берік (2 орын, 70 000 тг), Сағынбай Мансур (3 орын, 50 000 тг). 20 парада – Хамитов Мырзабек (1 орын, 150 000 тг), Дәрібай Есет (2 орын, 100 000 тг), Бархат Ислам (3 орын, 70 000 тг). Ал 30 парадан – Құлмағанбетұлы Ерәлі (1 орын, 200 000 тг), Тасбулатов Бекзат (2 орын, 150 000 тг), Серікұлы Хасан (3 орын, 100 000 тг).
Бірінші орын иеленген қарилар республикалық Құран байқауында Ақтөбе облысының намысын қорғайды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
muftyat.kz
18.08.2025
1522
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру