Шығыс Қазақстан облысында өңір имамдарына арналған семинар ұйымдастырылды. Басқосуға аудан-қалалардан имамдар қатысып, діни қызметтің негізгі бағыттары талқыланды.
Семинарды ҚМДБ-ның ШҚО бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы жүргізіп, рухани бірлікті нығайту, жамағатпен байланыс орнату, жастарды дұрыс діни түсінікке тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ имамдардың қоғам өмірінде белсенді болуы, білімін жетілдіруі және әлеуметтік жобаларға атсалысуы маңызды екені атап өтілді.
Жиын барысында ауылдық жерлердегі діни-ағартушылық жұмыс, мешіттердің әлеуметтік рөлі және жат ағымдардың алдын алу тақырыптары қаралды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
18.08.2025
1519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру