Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада «Мектепке жол» акциясы басталды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 18.08.2025 1604 0 пікір
Қызылордада «Мектепке жол» акциясы басталды

Қызылорда облысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шарада 500 оқушыға оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді. Ізгі бастамаға Сыр өңірінің Бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады.

Игі іске өңірдегі бірнеше кәсіпкерлік нысандары мен жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық шарасы облыстың аудан және ауыл мешіттерінде де жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру