Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Ас беру мәдениеті: салт сабақтастығы, ұрпақ ұлағаты» атты жиын өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 18.08.2025 1317 0 пікір
Алматыда «Ас беру мәдениеті: салт сабақтастығы, ұрпақ ұлағаты» атты жиын өтті

Алматы орталық мешіті мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Ас беру мәдениеті: салт сабақтастығы, ұрпақ ұлағаты» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан, халық жазушысы Смағұл Елубай, журналист Марат Тоқашбаев және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент Төрәлі Қыдыр жүргізді.

М.Құлкенов өз сөзінде мүфтияттың ас беруге қатысты құжат қабылдауын уақытылы бастама деп атап өтті. Ал Н.Есмағанбет Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу және рәсімді бірізділендіру» тақырыбында баяндама жасап, ас беру рәсімін ҚМДБ қабылдаған құжат негізінде шариғат пен салт-дәстүрге сай атқарудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ қонақ асын үйде өткізу, жаназа намазын мешіт ауласынан шығару және ас мәзірін ҚМДБ бекіткен тәртіпке сай ұстау мәселесін қозғады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру