Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық іріктеу өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.08.2025 1082 0 пікір
Қостанайда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан облыстық іріктеу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық XIV байқаудың облыстық іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

Жарыс алдында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Құран Кәрімнің қадір-қасиеті мен оны жаттаған пенденің ақыреттегі дәрежесі туралы тағылымды уағыз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол байқаудың басты мақсаты – жас буынды имандылыққа, білімге, қари болуға ынталандыру және бағыт-бағдар беру екенін атап өтті.

Облыстық іріктеуге өңірдегі аудан және қалалардан 40 талапкер қатысып, 30, 20, 10 пара және мәнерлеп оқу бойынша өз білімдерін сынға салды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 30 парадан – I орын Сұлтан Жасұланұлы, II орын Ералы Алматұлы, III орын Рустам Аманұлы; 20 парадан – I орын Мұхиддин Имамуддинұлы, II орын Заманбек Бейсенбайұлы; 10 парадан – I орын Айдын Талғатұлы, II орын Қасым Бекзатұлы, III орын Абдурахман Русланұлы; мәнерлеп оқудан – I орын Иманғали Сембіұлы, II орын Жандос Қайырбекұлы, III орын Мұстафа Науанұлы иеленді. Барлық жүлдегерлерге арнайы сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, аталмыш байқауда жеңімпаз атанған қатысушылар алдағы уақытта Талдықорған қаласында өтетін XIV республикалық Құран Кәрім жарысында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру