Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде Абайдың 45 қара сөзін мәнерлеп оқудан сайыс өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 08.08.2025 1316 0 пікір
Семейде Абайдың 45 қара сөзін мәнерлеп оқудан сайыс өтті

Абай облысы Семей қалалық Қосмұнаралы мешітінің әйел жамағаттары арасында хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 45 қара сөзін мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.

Игі шараға мешіттің әйел жамағаты мен бүлдіршін қыздар қатысып, өздері таңдаған қара сөздерді мәнерге салып оқыды. Сонымен бірге әр қатысушы туындының мазмұнын ашып, алған ғибраттарын көпшілікпен бөлісті.

Жарыс барысында қазылар алқасы әділ бағасын беріп, көрермендер қатарында отырған ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ батасын арнады.

Сайыс соңында жеңімпаздар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру