Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай облысы: 180 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 01.08.2025 2050 0 пікір
Абай облысы: 180 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Абай облыстық филиалы мен Семей қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен 180 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Іс-шараға қатысқан қалалық мәслихат депутаты Ақмарал Ерланқызы мұндай игі бастамалардың жалғасын табуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар, Жетпісбай Қасымжанұлы ақсақал жиналған жұртқа ақ батасын берді.

Зекет қорының облыстық филиал басшысы Рашид Жамалбекұлы қайырымдылық шаралары жалғасатынын айтып, алдағы уақытта «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар таратылатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайырымдылық шараға ұйытқы болған мешіт бас имамы Айдын Сәлімханұлына алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру