Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: «Хакім Хазрет» орталығының 3 шәкірті қари атанды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі asyldin.kz 30.07.2025 1609 0 пікір
Абай: «Хакім Хазрет» орталығының 3 шәкірті қари атанды

Абай облысы, Семей қаласындағы «Хакім Хазрет» құран жаттау орталығының шәкірттері Құран Кәрімді толық жаттап, қари атанды. Қасиетті Құранды толық меңгерген түлектер – Рахимов Әмір, Бертаев Абдулазиз және Қабылқақ Салих.

Осы қуанышты сәтке орай Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы қариларға арнайы сертификат пен сыйлық табыстады. Сонымен қатар, медресе ұстаздарына құрмет ретінде тұлпар мінгізілді.

Ізгі шараға өңір имамдары, ұстаздар, мешіт жамағаты және ақ жаулықты әжелер қатысып, жас қариларға ақ баталарын берді. Қариларға арналған мерекелік кеш Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық мешіт жанындағы «Дін мен дәстүр» орталығында өтті. Кеш барысында рухани насихат, жыр-термелер мен жүрекжарды тілектер айтылып, арнайы дастарқан жайылды.

Айта кетейік, бұл – «Хакім Хазрет» құран жаттау орталығының екінші түлектері. Бір жыл бұрын алғашқы қарилар легі оқуын аяқтап шыққан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру