Солтүстік Қазақстан облысындағы дін қызметкерлері кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында арнайы оқыту курстарына қатысуда. Аталған курс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.
Оқыту бағдарламасы ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің бекітуімен жүзеге асырылуда. Курстың басты мақсаты – имамдардың діни білімін тереңдету, біліктілігін жетілдіру және қоғамдағы абырой-беделін арттыру.
Аталған курстарға өңірдегі мешіттерден 80-ге жуық имам қатысып жатыр. Айта кетейік, С-санатындағы имамдардан құралған алғашқы топ оқу кезеңін сәтті аяқтады.
Білімін жетілдірген дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
20.06.2025
1913
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру