Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: IV республикалық азан жарысына үміткер анықталды

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 19.06.2025 871 0 пікір
Ақтөбе: IV республикалық азан жарысына үміткер анықталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысына өңірлік іріктеу өтті. ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі «Құран» секторының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала мен аудан мешіттерінен 23 үміткер қатысты.

Жарысты облыстың Бас имамы Амантай Садиев ашып, азанның маңызына тоқталды. Қазылар алқасы құрамында Бекжан қари Әлденов, Нұрбол Смағұлов және Ералы қари Құлмағанбетұлы болды. Үміткерлер тәжуид, мақам және дауыс үйлесімі бойынша бағаланды.

Нәтижесінде, «Әл-Латиф» мешітінің имамы Қанат Қасымов жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. 2-орын – Ғабидолла Тілеске, 3-орын – Ерлан Меңдіқұловқа бұйырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен марапаттар табысталды.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру