ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Астана қаласына жақын орналасқан Пригород елдімекенінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасылардың балаларына арналған жаңа оқу орталығы өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсіміне қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысып, балалар мен ата-аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жаңа орталықта балалар үшін ағылшын тілі курсы, домбыра үйірмесі, спорттық секциялар, тігін ісі, жиһаз жасау, дәнекерлеу, этно-дизайн, DTF және шелкография секілді түрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттайтын арнайы бөлме мен кеңес беру қызметі де қарастырылған.
Барлық үйірмелер мен сабақтар тегін өткізіледі. Қайырымды жандардың қолдауымен орталық қажетті оқу құралдары, жабдықтар және жаңа кілемдермен қамтамасыз етілген.
Ауыл тұрғындары мен ата-аналар бұл игі жаңалықты ерекше қуанышпен қарсы алып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Ашылу күні балаларға үстел теннисі жабдықтары, волейбол және баскетбол доптары тарту етілсе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға құрбандық еті мен азық-түлік себеттері үлестірілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
16.06.2025
1698
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру