Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.06.2025 1910 0 пікір
Түркістан: Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық «Нұр» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Іс-шара аясында дін мен дәстүр сабақтастығы негізінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қазақша күрес», «Қошқар көтеру», «Асық ату», «Гір тасын көтеру», «Садақ ату», «Арқан тарту» сынды спорттық ойын түрлері өткізіліп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Шараға Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев қатысып, ұлттық ойындардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларға арналған ойын алаңы жұмыс істеді.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру