Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Құрбан айт мерекесі аясында 200 балаға арналған шара ұйымдастырылды

09.06.2025 519 0 пікір
Жетісу: Құрбан айт мерекесі аясында 200 балаға арналған шара ұйымдастырылды

Құрбан айт мерекесінің үшінші күні Жетісу облысында балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының бастамасымен өткізілген шара аясында 200-ге жуық балаға тегін балмұздақтар мен тәттілер таратылып, саябақ аумағында балалардың еркін ойнап, демалуына мүмкіндік жасалды.

Балаларға арналған бұл шарада арнайы ойын алаңдары әзірленіп, кішкентай қонақтар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Шараға қатысқан балалар мен ата-аналар Құрбан айттың қуанышты атмосферасын сезініп, ерекше әсер алды.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – мерекелік көңіл күй сыйлау арқылы жас ұрпақтың жүрегіне қуаныш ұялату, рухани құндылықтарды насихаттау.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру