
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі» тақырыбында ақпараттық жиын өткізді. Жиынға облыстың Бас имамы Амантай Садиев, наиб имам Махамбет Бисенов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Құрбан шалуға арналған арнайы орындар ретінде «Есік» ЖШС және ЖК «Молдабеков» мал базары, «Айбек» СТК ет комбинаты (41-разъезд), ЖК «Қасымов и К» (Жаңақоныс) және «Жібек жолы» мекемесі (Рауан ықшам ауданы) белгіленді.
Аталған орындарда қызмет ететін қасапшыларға арналған семинар ұйымдастырылып, малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық нормаларды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қасапшыларға арнайы рұқсат қағаздары табысталды.
Құрбан шалуға онлайн өтініш беру үшін qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды. Сайт арқылы құрбан шалуға тапсырыс беріп, шариғатқа сай орындау үшін дін қызметкерлеріне өкілдік беруге болады. Мұқтаж жандар да ет алуға өтініш білдіре алады. Онлайн құрбан шалуға арналған барлық шарттар сайтта егжей-тегжейлі көрсетілген.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру