
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің жастар ісі секторы Өскемен қаласында «Жақсылықта жарысайық» атты эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырды.
Шара жамағат бірлігін арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және жастар арасында рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Қалалық және аудандық мешіттерден жиналған бірнеше команда түрлі жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен татулықты көрсетті.
Жарыс нәтижесінде І орынды Мұхамади мешітінің командасы иеленді. ІІ орын Халифа Алтай мешітіне бұйырса, ІІІ орынды «Жақсылықта жарысайықпас» тобы қанжығалады.
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар үлестірілді. Шара соңында жамағат бірлесе дұға жасап, алғыстарын білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру