Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда: Қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 02.06.2025 1399 0 пікір
Қостанайда: Қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі мен «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұйымдастыруымен шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Игі шара «Нұр-Мүбәрак» университетінің жаңадан салынып жатқан ғимаратына қайырымдылық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге облысқа қарасты қала-аудандардан 21 команда қатысып, бақтарын сынады.

Жарыс Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, «Нұр-Мүбәрак» университеті түлектері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Әсет Мәдениетұлы, сондай-ақ Қостанай қаласының «Тобыл» футбол клубының ойыншылары Сұлтан Бұсырманов пен Темірлан Ерланов қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын – облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті;

ІІ орын – Қарасу аудандық «Көшкінбай ата» мешіті;

ІІІ орын – Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешіті.

Жеңімпаз командаларға арнайы сертификаттар, кубоктар мен грамоталар табыс етілді.

Сондай-ақ, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Қостанай ауданындағы «Затоболец» стадионының директоры Қайыржан Сапаұлына Бас имам Алғыс хат пен кітап сыйлады.


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру