Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада елорда имамдарының алқалы жиыны өтті

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 29.05.2025 1736 0 пікір
Астанада елорда имамдарының алқалы жиыны өтті

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен «Төлебай» мешітінде елорда имамдарының алқалы жиыны өтті.

Жиын барысында өкілдікке қарасты мешіттердің ағымдағы жұмысы мен алдағы міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық барысы пысықталып, құрбан шалуды ұйымдастыру, санитарлық талаптарды сақтау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, форум аясында қабылданған құжаттар имамдарға таныстырылып, уағыз-насихат, мешіттердегі тәртіп, жамағатпен байланыс және әлеуметтік жобалар жөнінде айтылды. Дін қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді және де жиын соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға-тілек жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру