Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Облыс имамдарының жиыны өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 29.05.2025 1143 0 пікір
Абай: Облыс имамдарының жиыны өтті

Абай облыстық орталық Абай Құнанбайұлы мешітінде имамдар жиыны өтті.

Жиында «VI Республикалық имамдар форумында» қабылданған «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы мен «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты таныстырылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құжаттар негізінде баяндама жасаған имамдар олардың мән-маңызына тоқталды.

Облыстың бас имамы Асқар Әбітайұлы құжаттарды халыққа кеңінен насихаттауды және Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның басым бағыттары бойынша жауапты мамандар «Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуаларға түсіндірме», «Мешіт құжаттарын ретке келтіру», «Қамқор шарапат» мекемесінің қызметін жетілдіру, «Дін мен дәстүр» бағытында семинарлар мен дәрістер өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру