Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: ҚМДБ Әйел-қыздар секторы арнайы семинар ұйымдастырды

Жамбыл облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі asyldin.kz 29.05.2025 1689 0 пікір
Жамбыл: ҚМДБ Әйел-қыздар секторы арнайы семинар ұйымдастырды

ҚМДБ бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде әйел жамағатына арналған семинар өтті.

Шараны Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ашып, қоғамдағы әйелдің рөлі мен отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызын атап өтті.

Семинарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы облысы секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, Шымкент қаласы бойынша жетекші Балжан Асылханқызы, Түркістан облысы бойынша жетекші Еңлік Мұратқызы және ұстаз Зейнеп Үсенова арнайы қатысып, тәрбиелік бағыттағы баяндамалар жасады.

«Ажырасу – Алла сүймейтін іс» тақырыбындағы рухани жиында отбасы тұрақтылығы, ажырасу себептері мен салдары, ер мен әйелдің отбасындағы жауапкершілігі, сондай-ақ шариғат талаптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, пайдалы мәліметтерге қанықты.

Сондай-ақ, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі әйел ұстаздармен жүздесіп, мешіт жанындағы Әжелер алқасының бастамасымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша жасақталған мұражаймен танысты.


 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру