Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс Қазақстан облысында имамдардың жұмыс жиналысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.05.2025 1100 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысында имамдардың жұмыс жиналысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлік өкілдігінің ұйымдастыруымен аудан және қала имамдарының қатысуымен кезекті жұмыс жиналысы өтті.

Басқосуда өңірдегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелеу, діни рәсімдерді біріздендіру және Құрбан айт мерекесіне дайындық барысы кеңінен талқыланды.

Жиынды ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Думан Нәдірұлы ашып, Республикалық имамдар форумында қабылданған «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» және «Қазақ даласындағы отбасы құндылығы» атты құжаттардың мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Жиын барысында мешіт құжаттарын рәсімдеу, есеп-қисап тәртібі, діни рәсімдерді тіркеу, ЖАНТ жұмысы мен әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, имамдардың біліктілігін арттыру, жат ағымдардың алдын алу, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Кездесу соңында имамдарға әдістемелік құралдар мен насихаттық материалдар таратылып, алдағы жұмыстың басым бағыттары нақтыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру