ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес «Жастар ісі» секторының бастамасымен алғаш рет «Ruhani camp» жастар лагері ұйымдастырылды.
Табиғат аясында өткен рухани-мәдени шараға еліміздің танымал дін қызметкерлері арнайы қатысып, жастарға тағылымды уағыз-насихат айтты. Атап айтқанда, Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов пен Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев жастармен жүздесіп, тәрбиелік бағыттағы сұхбаттар өткізді.
«Ruhani camp» — жастардың рухани тәрбиесі мен болашаққа деген сенімін нығайтатын, бірлік пен имандылықты насихаттайтын маңызды жоба болды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
26.05.2025
1441
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру