Атырау облысында «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясындағы маңызды шаралардың бірі – облыстық білім сайысы Мақат ауданында өтті. «Дін мен дәстүр» тақырыбында ұйымдастырылған зияткерлік сайысқа облыстың әр ауданынан келген мешіт жамағатынан құралған 9 команда қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – халықтың діни сауатын арттырып, ұлттық құндылықтар мен ислам дінінің үйлесімділігін насихаттау. Сайыс сұрақтары ҚМДБ бекіткен «Дін мен дәстүр» кітабының I, II, III томдары негізінде әзірленді.
Нәтижесінде 1-орынды Мақат ауданы, 2-орынды Атырау қаласы, ал 3-орынды Қызылқоға ауданы иеленді. Сайыс Атырау облысы өкілдігі мен Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шара соңында жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
26.05.2025
1307
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру