Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 21.05.2025 1430 0 пікір
Маңғыстау: Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мұсылман жұртшылығы үшін ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында қала және аудан имамдарына арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында биылғы Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, ҚМДБ бекіткен бағыттар негізінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Атап айтқанда, құрбан шалынатын орындардың санитарлық талаптарға және ветеринарлық ережелерге сай болуын қамтамасыз ету, Құрбан айт күндері орындалатын діни рәсімдердің жүйелі әрі талапқа сай ұйымдастырылуын бақылау, сондай-ақ ҚМДБ бастамасымен өтетін дәстүрлі «Имани жаз–2025» жазғы діни сауат ашу курстарын мешіттерде жоғары деңгейде өткізу тапсырылды.

Сондай-ақ, мерекеге орай облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің аумағында киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрімізге сай түрлі рухани-мәдени іс-шаралар өтпек. Жамағат бірлігін арттыру мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастыру, қарттар үйі мен жетімдерге құрбандық етін тарату, әйел жамағатының қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізілмек.

      

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру