Елордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры өңірлік өкілдеріне арналған семинар өткізді. Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Құжаттандыру мен цифрлық сауаттылықтың тиімді тәсілдері» атты республикалық семинары аясында ұйымдастырылды.
Зекет қоры мен ҚМДБ-ның Цифрлық даму бөлімі бірлесе ұйымдастырған «Қайырымдылықты цифрлау және автоматтандыру» атты семинарда IT маманы Ерлан Құсайынов дәріс оқыды. Семинарға қатысушы зекет өкілдері қайырымдылық саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өңірлердегі қызмет сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Бұл бастама ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымдылық қызметін цифрландыру арқылы тиімді әрі нәтижелі жүргізуге бағытталған жүйелі жұмысының бір көрінісі болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
21.05.2025
1447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру