Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Дін мен дәстүр» бағытында зияткерлік сайыс өтті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2025 1311 0 пікір
ШҚО: «Дін мен дәстүр» бағытында зияткерлік сайыс өтті

Өскемен қаласындағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша зияткерлік сайыс өтті.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған шараға аудан-қалалардан 18 команда қатысып, діни білім, салт-дәстүр, тарихи таным және отбасылық құндылықтар бойынша бақ сынады.

Сайысты Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлы ашып, рухани құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау барысында қатысушылардың жауабын арнайы құрылған қазылар алқасы әділ бағалады. Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында имандылықты, ұлттық тәрбие мен дін мен дәстүр үндестігін насихаттау.









 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру