Шымкент қаласындағы «Есжанұлы Сейітжан қары» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Іс-шараға Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан сектор жетекшілері мен белсенді әйел жамағаты қатысты. Семинарды Шымкент қаласы бойынша сектор жетекшісі Балжан Досжанова жүргізді.
Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында дәріс оқыды. Қаратау ауданының бас имамы Ербол Тастанбекұлы ұрпақ тәрбиесі мен білім беру мәселесіне тоқталды.
Ғұламалар кеңесінің мүшесі, мешіт имамы Ерсін қари Бекайдарұлы «Отбасында сабырдың маңызы» тақырыбында баяндама жасады. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева ажырасудың зияны жайлы насихат айтып, қатысушыларға алғысын жеткізді.
Түркістан облысы бойынша сектор жетекшісі Еңлік Абиева ашуды жеңу жолдарын түсіндірді. Балжан Досжанова дәрістерден алынған ойларды іс жүзінде қолданудың маңызын атап өтті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
16.05.2025
1337
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру