Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арыста Құран жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.05.2025 1626 0 пікір
Арыста Құран жарысы өтті

ҚМДБ Түркістан облысы, Арыс қаласы «Хазіреті Әбу Бәкір Әс-Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Құран жарысы өтті.

Жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы негізгі үш бағыт бойынша өтті: 
 
1. Құран Кәрімнің «Шәміс» сүресінен «Нас» сүресіне дейін;
2. «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін;
3. «Мүлік» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу.

Жарысқа қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланды. Құран жаттаған жасөспірім ұлдарымыз жарыс талаптарына сай төрешілер тарапынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беруге тырысты. 
 
Төрешілер жарыста Құран аяттарын қатесіз оқуда жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндерімізге қаржылай сыйлықтар табыстады.

Жарысқа қатысушы бүлдіршіндерімізге арнайы дастархан жайылды.

Құран Кәрімнің «Мүлік» сүресінен «Нас» сүресіне дейін
І орын – Арғынбек Мұхаммедәмин (40 000 тг).
ІІ орын – Дінислам Талғатұлы (30 000 тг).
ІІІ орын – Ердаулет Әділжанұлы (20 000 тг). 
 
«Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін
І орын – Дінмұхаммед Кенжебекұлы (30 000 тг).
ІІ орын – Төлебек Абдуссамад (20 000 тг).
ІІІ орын – Абзал Мұратұлы (10 000 тг)
 
«Шәміс» сүресінен «Нас» сүресіне дейін
І орын – Әшім Дархан (15 000 тг).
ІІ орын – Құттықожа Рамазан (10 000 тг).
ІІІ орын – Нұрсұлтан Нұрланұлы (5 000 тг)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру