Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында «Ажырасу – Алла сүймеген іс» тақырыбында оқу семинары өтті. Шараны ҚМДБ Әйел-қыздар секторы мен облыстық өкілдік бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарда ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы «Отбасының ұйытқысы – әйел» тақырыбында дәріс жүргізді. Сонымен қатар, Шымкент және Жамбыл облыстарынан келген сектор жетекшілері Балжан Досжанова мен Жазира Иманалиева тәжірибе бөлісті.
Жиында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Отбасылық татулықты сақтау жолындағы ұстаздардың рөлі» мәселелері қозғалды.
Семинар жұмысына қолдау көрсеткені үшін Түлкібас ауданының бас имамы Карим Байболовқа алғыс айтылды.
Семинар соңында белсенді ұстаздарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторы атынан алғыс хаттар табысталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
15.05.2025
896
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру