Қызылорда қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында конференция-семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, рухани тәрбие беру және қоғамдағы әйелдің рөлін айқындау.
Конференцияға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева мен Шымкент қалалық сектор жетекшісі Балжан Досжанова арнайы қатысып, отбасы тәрбиесі, діни сауаттылық пен рухани-адамгершілік құндылықтар жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының мамандары мен психологтар қыз балалардың тұлғалық дамуы және жастармен тиімді жұмыс тәсілдері туралы пікірлерін ортаға салды. Шараға қатысқан «Әжелер мектебі» мүшелері өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.05.2025
1196
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру