Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаевтың қатысуымен қала және аудан имамдарының жұмыс жиыны өтті.
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен басқосу «Имамның тұлғалық келбеті» құжаты аясында ұйымдастырылды. Бас имам дін қызметкеріне жүктелетін жауапкершілікке тоқталып, көркем мінез, ұстаздық қабілет, белсенділік пен азаматтық қасиеттердің маңызын атап өтті.
Жиын барысында ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, ресми басылымдар мен сайттардағы діни ақпараттарды кеңінен насихаттау мәселесі және Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
12.05.2025
1563
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру