Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен, демеушілердің қолдауымен Орал қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінің шаруашылық қызметкері Қади Жидебайұлына үлкен қажылыққа жолдама табысталды.
Көп жылдан бері мешіт жұмысына адал қызмет етіп келе жатқан Қади ағайдың қажылық сапары — мешіт ұжымы мен жамағат үшін үлкен қуаныш.
Айта кетейік, қажылық — мұсылман өміріндегі маңызды құлшылықтардың бірі. Бұл — рухани тазару мен тәубеге келудің ерекше мүмкіндігі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
11.05.2025
1965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру