Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай облысында ауыл имамдары білім жетілдіру курсынан өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 10.05.2025 1403 0 пікір
Абай облысында ауыл имамдары білім жетілдіру курсынан өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру курсының алғашқы кезеңі аяқталды. Бас имам Асқар қажы Әбітайұлының ұйымдастыруымен өткен бұл курс екі аптаға созылды.

Оқыту барысында білікті дін мамандары Ақида, Фиқһ, Құран және Тәжуид пәндерінен дәрістер өткізді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары таныстырылып, «Уағыз айтудың әдебі», «Мешіт құжаттарын реттеу тәртібі», «Жаназа және жерлеу рәсімдері», «Қасапшылық – сауапты әрі жауапты іс» тақырыптарында арнайы семинарлар ұйымдастырылды.

Курс соңында қатысушылардан емтихан алынып, білімін жетілдіргенін растайтын сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, ауыл имамдарына арналған бұл оқыту бағдарламасы жалғасатын болады. Алдағы уақытта екінші легтегі имамдар шақырылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру