Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 10.05.2025 1474 0 пікір
ШҚО: Бас имам тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы Өскемен қаласында тұратын тыл ардагерлері – Ғайни Қабдулина мен Бибісара Рахимбердинованың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында Бас имам тылдағы жанқиярлық еңбек ел тыныштығы мен ұрпақ болашағы үшін жасалған сауапты амал екенін атап өтті.

Сапар аясында ардагерлерге мерекелік сый-сияпаттар табысталып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін Құран аяттары оқылып, дұға жасалды.

Бас имам бұл игі шараның басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету арқылы жас ұрпақтың жүрегіне имандылық, отансүйгіштік және рухани сана қалыптастыру екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру