Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай имамдары Ыбырай Алтынсарин кесенесіне зиярат етті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.05.2025 906 0 пікір
Қостанай имамдары Ыбырай Алтынсарин кесенесіне зиярат етті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Darhan Dala» жобасы аясында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы бастаған өңірдегі аудан және қала имамдары Қостанай ауданы аумағында орналасқан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кесенесіне арнайы зиярат жасады.

Игі шара барысында ұлт руханиятында айрықша орны бар тұлғаның рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Зиярат кезінде ұлы ағартушының қазақ қоғамына сіңірген еңбегі мен ұлт үшін атқарған қызметі жайында қысқаша шолу жасалды. Сондай-ақ оның өнегелі өмірі мен мұрасы бүгінгі және келер ұрпақ үшін тағылымға толы рухани қазына екендігі атап өтілді.

Аталған шара — ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды тарихи тұлғалар арқылы отансүйгіштікке баулу бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру