Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында «Дін мен дәстүр III» кітабы негізінде жамағат арасында білім сайысы өтті.
Байқауға 20-ға жуық мешіт жамағаты қатысып, екі кезеңнен тұратын тест және ауызша сұрақ-жауап арқылы өз білімдерін сынады. «MUFTYAT» баспасынан жарық көрген құнды еңбекке негізделген сайыстың шарттарын облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мен мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс нәтижесінде І орынды Қазыбаев Мұратбек иеленіп, 50 000 теңгелік жүлдеге ие болды. ІІ орынға Раева Санияш (30 000 теңге), ал ІІІ орынға Қайров Тәжібай (10 000 теңге) лайық деп танылды.
Сонымен қатар, белсенділік танытқан қатысушы Әнуар Саматұлы алғыс хатпен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
30.04.2025
2084
0 пікір









+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру