Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттауға арналған аймақтық семинар өтті.
Іс-шараға облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев қатысып, қала және аудан имамдарымен бірге қажылық маусымына дайындық мәселелерін жан-жақты талқылады.
Семинарда өңірдегі қажылық бөліміне жауапты Саидаббас Мираманов биылғы қажылық маусымында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар қасиетті мекенге апаратын еліміздегі 15 туристік фирмаға қойылатын талаптар мен жауапкершілік мәселелері қозғалды.
Аталған жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына «Tawaf Travel» компаниясының қызметі туралы да толыққанды мағлұмат берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
30.04.2025
1737
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру