Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО-да уағыз айту мәдениетіне қатысты семинар ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.04.2025 1973 0 пікір
ШҚО-да уағыз айту мәдениетіне қатысты семинар ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Шараға облыс имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Семинарды ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы ашып, уағыз-насихат жұмысының жауапкершілігі мен заманауи талаптары туралы айтты.

Бас имам қатысушыларға «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын таныстырып, онда уағыз жүргізудің шариғи талаптары мен сөйлеу мәдениетіне қатысты негізгі ережелер қамтылғанын атап өтті.

Семинарда тәжірибелі имамдар тиімді насихат тәсілдері мен мәдениеттілік мәселелері бойынша пікір алмасып, қатысушыларға әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылып, практикалық кеңестер берілді.

Семинар соңында дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру