Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда 2000 түп ағаш отырғызылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 24.04.2025 1756 0 пікір
Қостанайда 2000 түп ағаш отырғызылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықты арттыру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, 35 мың түп ағаш отырғызу бастамасы қолға алынған болатын.

Жуырда Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында орман өрті салдарынан табиғатқа зор зиян келгені белгілі. Осыған орай, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы бастаған дін қызметкерлері мен жамағат 2000 түп ағаш отырғызды.

Бұл іс-шара дін қызметкерлерінің сөздері мен істерінің бірлігін көрсетіп, халыққа үлгі бола білді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру