Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында «Әжелер мектебі» аясында дөңгелек үстел өтті.
Жамбыл облыстық «Әжелер алқасының» мүшелері ұлттық салт-дәстүрлер мен шариғат үндестігін кеңінен түсіндіріп, жастарға тілашар, сүндет той, тұсаукесер, бесікке салу секілді рәсімдердің мәнін баяндады.
Шара барысында тұсаукесер мен бесікке салу дәстүрлері іс жүзінде көрсетіліп, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы насихатталды.
Бұл жиын — ұлт құндылықтарын ұрпақ санасына сіңірудің, рухани жаңғырудың нақты көрінісі.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
24.04.2025
1844
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру