Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Жетісу облысында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.04.2025 1791 0 пікір
РАНТ мүшесі Жетісу облысында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы Дәуренбеков Жетісу облысына іс-сапармен барды.

Сапар аясында «Jetisu LIVE» подкаст студиясына арнайы қонақ болып, «Шет елде білім алудың маңыздылығы» тақырыбында сұқбат берді. Сонымен қатар, қасиетті жұма күні Талдықорғандағы облыстық «Иман» мешітінде жамағатқа «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз айтты.

Сондай-ақ, облыстық «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары мен мешіттердің белсенді әйел жамағатымен кездесіп, «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында насихат жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру