Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс Қазақстан: «Halıfa Altaı» медиастудиясы жаңартылды

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.04.2025 2157 0 пікір
Шығыс Қазақстан: «Halıfa Altaı»  медиастудиясы жаңартылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің жанынан құрылған «Halifa Altai» медиастудиясы техникалық жағынан толық жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталды.

Жаңғыртылған студияда діни бағыттағы бейнематериалдар, рухани-ағартушылық бағдарламалар, сұхбаттар мен онлайн уағыз-насихаттар түсіріліп, көпшілікке ұсынылады. Түсірілімге қолайлы жағдай жасау үшін студия арнайы безендірілді.

Ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде діни-ағартушылық жұмыстарды жаңа форматта жүргізудің маңызы арта түсуде. Бұл ретте жаңартылған студия сапалы діни контент әзірлеуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру